top of page

Әрбір тіл – тұтас әлем

  • 9 сент. 2017 г.
  • 1 мин. чтения

Қостанай қаласының № 5а қала мектепбінен келген 4 е сынып оқушылармен біргелікте «»Әрбір тіл – тұтас әлем» атты іс – шараны «Стройтельный» ҚБ кітапханасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен өткізілді. Жүргізуші іс – шараны оқушыларға өз ана тілі туралы тақпақ айтып беруден бастады. «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз... Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз» Н.Ә.Назарбаев. Қазақстанда бір ғана тұғырлы тіл бар, ол мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Тұғыр сөзі діңгек, қазық деген мағынада қолданылады. Бір шаңырақты көтеру үшін үш діңгек керек емес. Бір діңгекпен көтерген шаңырақтың жан-жағынан уықтар қадалып, оның беріктігін қамтамасыз етеді. Біздің алтын діңгегіміз, тұғырымыз – қазақ тілі, ал жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап уық секілді қадалады- деп жүргізуші тіл туралы көптеген қызықты мәліметтер айтып берді.Ол мәліметтерді презентация арқылы толықтырып отырды. Сосын оқушылармен біргелікте экранда сөзжұмбақтарды шешті.Содан соң С. Торайғыровтың тіл туралы өлеңін мәнерлеп оқып берді. Екінші бөлімінде оқушылардан ,қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебесін алды? - деген сұрақ қойды. Оқушылар дұрыс жауаптарын берді. Және оқушылар тіл мерекесіне арнап мерекелік шашуларын алып келген. (тақпақтар, мақал – мәтелдер). Іс – шараны жүргізуші Қ. Мырзалиевтің тіл туралы тақпағымен аяқтады. Мерекелік іс – шара баршамызға мерекелік көңіл – күй сыйлады.

 
 
 

Комментарии


Избранные посты
На этом языке пока нет опубликованных постов
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page