top of page
Поиск

Кітап – рухани сарқылмас қазына» кітапхана сабағы

  • ostrovfilial7
  • 23 янв. 2018 г.
  • 1 мин. чтения

22 қаңтар күні «Строитель» қалалық кітапханасында «Кітап – рухани сарқылмас қазына» атты іс – шара өтті. Мақсаты: білімнің кітап арқылы берілетінін, адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру;

кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту; кітапты таза ұстауға,тазалыққа, мейірімділікке баулу, тәрбиелеу.

Кітапханашы іс – шараны оқушыларға Ахмет Байтұрсыновтың өлеңін айтып беруден бастады. Сосын оқушыларға жұмбақтар жасырды, ал оқушылар жұмбақтардың шешуін тапты. Кітапханашы кітаптың шығу тарихын баяндап берді. Ол мәліметтерді презентация арқылы толықтырып отырды.

Оқушылар кітап туралы тақпақтарын жатқа айтып берді.Екі оқушы «Оқушы мен кітап» көрінісін қойып берді. Іс – шара соңында кітапханашы оқушылармен біргелікте мақал –мәтелдер, жұмбақтар және кітапты қалай сақтау ережелерін еске түсірді.

 
 
 
Избранные посты
На этом языке пока нет опубликованных постов
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page