«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні»
- ostrovfilial7
- 15 мар. 2018 г.
- 1 мин. чтения
«Строительный» ҚБ кітапханасында № 9 мектебінің 5 ә сынып оқушыларымен біргелікті «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты іс – шара болып өтті. Жүргізуші презентация арқылы іс –шараны толықтырып отырады. Сосын оқушылармен біргелікте экраннан Наурыз мейрамына байланысты қызықты деректерге назар аударды.Содан соң оқушылар Наурыз мерекесіне арнап алып келген мерекелік бағдарламасын көрсетті.Онда олар домбыраның сүйемелдеуі мен күй тартып, тақпақтар мен әндер айтты. Балалар ұлттық ойыны «Арқан тарту»ойынын ойнады. Қыдыр ата келіп,оқушыларға бата берді. Іс – шараны соңында жүргізуші шашу шашып, оқушылармен біргелікте «Қара жорға» биін биледі. Мерекелік іс – шара баршамызға мерекелік көңіл – күй сыйлады.

