«Домбыра - ғасырлардың музыкалық даналығы.» «Домбра — музыкальная мудрость столетий.»
- ostrovfilial7
- 4 июл. 2018 г.
- 1 мин. чтения
«Строительный» ҚБ кітапханасында № 5 «А» мектеп оқушылары (мектеп ішіндегі лагерь «Радуга») 34 оқушы.
Оқушыларымен біргелікті «Домбыра – ғасырлардың музыкалық даналығы» атты іс – шара болып өтті. Іс –шара қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Жүргізуші оқушыларды домбыраның шығу тарихымен таныстырып,ал Светлана Алексеевна оларға домбыра туралы аңыздар айтып берді. Сосын оқушыларға жаднамалар таратылып берілді.Олар домбыра туралы не білесіңдер деген сұраққа домбыра туралы өздері білетін мәліметтерді айтып берді. Іс – шара соңында оқушылармен біргелікте домбыраға арнап тақпақтарды жатқа айтты. Іс – шара баршамызға қуанышты көңіл – күй сыйлады.


