«Латын әліпбиіне көшу – тарихи таңдау» дөңгелек – стөл
- ostrovfilial7
- 4 окт. 2018 г.
- 1 мин. чтения
[if !supportLists]1. [endif]Жүргізуші дөңгелек стөлді оқушыларға Президент Н. Назарбаев сәуірде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деген болатын. Міне осы жобаға сәйкес кітапханамызға ҚМУ ленгвистика кафедрасының маманы Жүрсеналина Гүлжанат Құрмашевна, Тіл оқыту орталығының оқытушысы Нұрмағамбетова Ақтоты Баядиловнаны қонаққа шақырдық. Дөңгелек стөлді Гүлжанат Құрмашевна « Қазақ жазуында қолданылып келген әліпбилер тарихы» туралы таратып айтып береді. Қонақтарымызға қойған бірінші сұрағымыз, Латын әліпбиіне көшудің себептері неде? Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар? Жауабы: Латын әліпбиіне көшу жобасынан халық тек қазақ тілінің ғана жаңғыруын емес, бүкіл қазақ қоғамының да жаңғыруын күтетіні анық. Себебі латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің өзінің табиғи болмысына қайта оралуына ғана ықпал етіп қоймай, осы әліпбиді пайдаланып отырған елдермен тығыз байланыс жасауға, әлемдік жаңалықтар мен өзгерістерді жедел игеріп, меңгеруге ықпал етіп, ұлттық жаңғырудың қозғаушы күшіне айналатыны сөзсіз –деп жауап берді. Ақтоты Баядиловна оқушыларға латын әліпбиіне көшудің тиімді жағын презентация көрсету арқылы түсіндіріп берді. Іс – шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қонақтарға қойды.Олар сұрақтарға толық жауап берді.Іс – шара соңында жүргізуші қатысушыларға сауалнама тарқатып берді. Оқушылар сауалнаманы қызығушылықпен толтырды.






