Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік Дәуірі» кітабының тұсаукесері
- ostrovfilial7
- 12 окт. 2018 г.
- 1 мин. чтения
ҚБ « Строительный» кітапханасында № 9 орта мектептің оқушыларымен біргелікте: Ел тарихына және оның болашағына көзқарас Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік Дәуірі» кітабының тұсаукесері болып өтті. Жүргізуші өскелең ұрпақтың өз Қазақстан дәуірінің тарихын білу мен қатар құрметтеуді, жас ұрпаққа патриоттық тәрбиені қалыптастыруды маңызды екенін жеткізді. Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей. Елбасымыз болашақтың жастарына мұра болып қалатын, тарих төрінен орын алатын«Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын жарыққа шығарды. Елбасының кітабы – жаңа тарихтың толғауы. «Тәуелсіздік дәуірі» публицистика жанрында жазылған. Қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шықты. Елбасымыздың тәуелсіздік туралы ой-толғамдарының жиынтығы. Тәуелсіздік шежіресін тұтас қамтыған кітап төрт бөлімнен тұрады: «Мемлекеттің дүниеге келуі»,«Ұлы бетбұрыс»,«Қияға құлаш сермеу» және «Қалыптасқан мемлекет» деп аталады. Іс – шара барысында жүргізуші оқушыларға презентация арқылы көптеген мәліметтер берумен қатар, Н.Назарбаевтың кітаптары жайлы көрме көрсетті.



