Қазіргі заманның аса көрнекті саясаткері.
- ostrovfilial7
- 23 нояб. 2018 г.
- 1 мин. чтения
Строительный» ҚБ кітапханасында № 5 мектептің 7 «қ» сыныбымен бірге «Қазіргі заманның аса көрнекті саясаткері» атты іс – шара болып өтті. Шақырылған қонақтар: - Нұр Отан партиясының өкілі председатель общественного фонда «Гражданский алиянс Костанайской области «Грин» Утебаева Динара Кайрбековна, Нұр Отан партиясының мүшесі, білім саласының үздік қайраткері Кабильдин Қылышбай Сабитұлы болып оқырмандар мен оқушыларды 1 желтоқсан Президент күнімен құттықтап оқушыларға бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қасиет-қадірін, тұлғалық тұғырын түсіндіре келіп, Елбасымыздың ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқырман, оқушыларға жеткізді.
Жүргізуші іс – шараны оқушыларға Президент Н. Назарбаевтың өмір жолынан толық мәлімет беруден бастады. Оқушыларға «Көшбасшы жолы», «Көк тудың желбірегені» бейнероликтерін көрсетіп, оқушылар іс – шара барысында презентация арқылы викторина сұрақтарына жауап берді. Және «Мұзарт» тобының орындауында «Үшқоңыр» өлеңдерін тамашалады. Іс – шара соңында жүргізуші оқушыларды Елбасының шығармашылықтарымен таныстыру арқылы жарқын болашаққа бағыт беру арқылы , оқуда озат болуларына тілектестікт білдірді.


