top of page
Поиск

Аңыздарға бай, тарихы терең өлке. Край легенд и богатой истории

  • ostrovfilial7
  • 12 февр. 2022 г.
  • 2 мин. чтения

«Строительный» кітапхана-филиалында оқырмандар назарына «Аңыздарғабай, тарихы терең өлке» атты өлкетану әдебиеттерінің көрмесі құрылды.

Көрме материалдары қаланың тарихымен, қостанайлық ақындардың шығармашылығымен, туған өлкенің дарынды тұлғаларымен таныстырады.

И. К. Терновойдың «Кустанай – Костанай: очерки истории» (с 1936 по 2013 годы) кітабынан Қостанай қаласының Ұлы Отан соғысы, тың игеру кезеңдеріндегі және Тәуелсіздік жылдарындағы даму жолын, Қостанай қаласының тарихы туралы қызықты мәліметтерді табуға болады.

Қостанайлық ақын Ақылбек Шаяхметтің «Сенім» өлеңдер жинағында адамдардың сезімдері суреттелген, туған жерге деген махаббат, бізді қоршаған табиғат туралы тақырыптар көтерілген.

Серікбай Оспанұлының «Сөнбес шырақ» кітабы Ы. Алтынсариннің өмірімен, ағартушылық қызметімен, қайғылы қазасымен байланысты маңызды фактілерді ашып көрсетеді, бұрын жарияланбаған мұрағат материалдарын қамтиды.

А. Дробышевтің «След на планете» кітабында өзінің міндеттерін мінсіз атқарған көрнекті спортшылардың, тәртіп сақшыларының, офицерлер мен ядролық сүңгуір қайық матростарының еңбектері көрсетілген. Автор бұл кітапты жазуға ширек ғасыр өмірін арнаған.

Біз сіздерді көрме материалдарымен танысуға шақырамыз!


В библиотеке-филиале «Строительный» вниманию читателей представлена выставка-презентация краеведческой литературы «Край легенд и богатой истории».

Материалы выставки раскрывают историю города, творчество кустанайских поэтов, знакомят с талантливыми личностями родного края.

Во второй книге И. К. Тернового «Кустанай – Костанай: очерки истории» (с 1936 по 2013 годы) вы узнаете много нового и интересного об истории города Костаная в период Великой Отечественной войны, в годы освоения целины и развития города в годы независимого Казахстана.

В сборнике стихотворений костанайского поэта Акылбека Шаяхмета «Сенім» раскрываются темы любви к родной земле, о чувствах людей, окружающей нас природе.

Книга Серікбая Оспанұлы «Сөнбес шырақ» раскрывает важные факты из жизни И. Алтынсарина, его деятельности связанной с просвещением, тайной его трагической гибели, содержит материалы из архива, ранее не публиковавшиеся.

Героями книги А. Дробышева «След на планете» являются выдающиеся спортсмены, стражи порядка, офицеры мичманы и матросы атомной подводной лодки, которые свято выполняют свой долг. Всему этому, в целом автор посвятил четверть века своей жизни.

Мы приглашаем вас познакомиться с выставкой-презентацией.



 
 
 

Comments


Избранные посты
На этом языке пока нет опубликованных постов
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page