Бірлігі бекем ел мықты
- ostrovfilial7
- 4 апр. 2023 г.
- 2 мин. чтения
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсанында, «Строительный» кітапхана-филиалында «Бірлігі бекем ел мықты» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Бүгінде бір шаңырақ астына жиналған ұлт пен ұлыс өкілдеріне қамқорлық ерекше бөлінеді. Олардың салт-дәстүрінің сақталуына, мәдениеті мен әдебиетін дамытуына, тілдердің жетілуіне барынша жағдай жасалып келеді.
Ақын В. Вишниченконың «Костанайская областная Ассамблея народов Казахстана: история создания и становления» атты кітабы Қазақстан Ассамблясының тарихы мен құрылымы жайлы, оның дамуы мен этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асырудағы облыстық Ассамблеяның рөлін толық көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ облыстың көптеген диаспораларының мәдениеттерінің, тілдерінің және халықтық дәстүрлерінің бірегейлігі туралы мәлімет беріледі.
Ж. Артықбаевтың «Қазақстан өзбектері: тарихы, шаруашылығы мен мәдениеті, рухани өмірі мен қазіргі жағдайы» кітабында тарихы мен шаруашылығы, рухани мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен қазіргі жағдайы баяндалған.
Қазақстандық автор Ж. Ескуатованың «Герольд Бельгер» атты кітабы жанды және тартымды тілде жазылған. Оның кейіпкері – Герольд Карлович Бельгер, ерекше талант пен ерекше тағдырдың адамы, жазушы, аудармашы. Депортация жылдарында ол отбасымен бірге Поволжье бойынан қазақ ауылына келіп, Отан мен нағыз достарды табады.
Құрметті оқырмандар! Фото-көрменің материалдарымен танысуға шақырамыз!
Страна сильна единством
К 1 мая – Дню единства народа Казахстана в библиотеке-филиале «Строительный» оформлена фото-выставка «Страна сильна единством». Сегодня особое внимание уделяется представителям многочисленных национальностей собравшихся под единым шаныраком. Создаются максимальные условия для сохранения традиций, развития культуры и литературы, развития языка.
Книга автора В. Вишниченко «Костанайская областная Ассамблея народов Казахстана: история создания и становления» позволит читателям полнее представить роль областной Ассамблеи в реализации государственной национальной политики в области межэтнических отношений. А также неповторимость культур, языков и народных традиций многочисленных диаспор области.
В книге Ж. Артыкбаева «Узбеки Казахстана» раскрывается история, хозяйство и культура, духовная жизнь и современность дружественного народа.
Книга «Герольд Бельгер» казахстанского автора Ж. Ескуатовой написана живым и увлекательным языком. Ее герой – Герольд Карлович Бельгер, человек уникального таланта и необычной судьбы, писатель, переводчик. В годы депортации, он попадает вместе с семьей, из Поволжья в казахский аул, где обретает истинную Родину, настоящих друзей.
Уважаемые читатели! Приглашаем ознакомиться с материалами фото-выставки!

Bình luận