Мерейтойлық пойыз. Юбилейный поезд.
- ostrovfilial7
- 3 февр. 2022 г.
- 2 мин. чтения
Мерейгер кітаптар өздерінің оқырмандарын асыға күтуде! Қызықты кітапты оқып отырып, оның 60, 100, 120 жыл бұрын жазылғанын аңғарып, таң қаласың, шығармалардың кейіпкерлерін сырлас ретінде қабылдайсың. Сөрелерге азаматтарды ерекше әсерге бөлейтін қазақстандық және шетелдік мерейгер кітаптар – романдар, повестер, ертегілер қойылған.
Сәуірбек Бақбергеновтің «Алтын адам туралы» аңыз‑повесіне 30 жыл, туынды жас оқырмандарды Есік маңынан табылған Алтын адамның шығу тарихымен және туған жердің табиғаты туралы ақпаратпен таныстырады. Артур Конан Дойлдың «Рассказы о Шерлоке Холмсе» детективіне 130 жыл. Кітапта суреттелген оқиғалар арқылы азаматтар ақылды, әділдікті жақтайтын, зұлымдықпен күресетін кейіпкерден үлгі ала алады.
Итальяндық жазушы Карло Коллодидің бірегей туындысы «Приключение Пиноккио» шығармасына 145 жыл. Шығарманың басты кейіпкері ағаштан жасалған Пиноккио есімді бала, ол өтірік айтқан сайын оның мұрны өседі, шығарма адамдарды өтіріктен жиренуге шақырады.
Құрметті оқырмандар, Сіздерді мазмұнды, танымдық мерейтойлық әдебиеттермен танысуға шақырамыз! Кітап оқып, рухани азық алуыңызға, теңдессіз дүние табуыңызға тілектеспіз!
В ярких вагонах паровозика книги-юбиляры 2022 года ждут своего читателя! Читая интересную книгу, не всегда задумываешься о времени её написания, трудно поверить, что произведению 60, 100, 210 лет. Кажется, что герои живут среди нас и сейчас. На полке представлена казахстанская и зарубежная юбилейная литература – романы, повести, сказки, которые отправят читателя в незабываемые путешествия, принесут восторг и удивление!
30 лет повести – легенде Саурбека Бакбергенова «Сказание о золотом человеке». Юные читатели, узнают о золотом человеке, найденном в окрестностях Иссыка, о древней истории, и о природе родной земли.
130 лет – детективу «Рассказы о Шерлоке Холмсе» Артура Конан Дойла. Происходящие события в книге познакомят вас с детективом Холмсом, умным, благородным и справедливым борцом со злом и защитником обиженных. Вы окунётесь в интереснейшие истории расследования преступлений.
145 лет замечательному произведению «Приключение Пиноккио» итальянского писателя Карло Коллоди. Главный герой Пиноккио сделанный из дерева мальчик, нос которого увеличивается каждый раз, когда он говорит неправду.
Уважаемые читатели, приглашаем вас ознакомиться с интереснейшей юбилейной литературой! Откройте книгу и на ее страницах вы найдете все то, чего так не хватает вашей душе!

Comments